Қосымова Г.С. «Өркениеттер тоғысындағы түркітанушы маманның мәселесі» атты дөңгелек үстелі

Қосымова Г.С. «Өркениеттер тоғысындағы түркітанушы маманның мәселесі» атты дөңгелек үстелі

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде  «Білім беруді цифрландыру жағдайында әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты тақырыпта 50-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтіп жатыр. Осы шараға байланысты Факультетімізде «Заманауи шығыстанушы түлек моделі» тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 Түрксой кафедрасының ф.ғ.д., профессоры Қосымова Г.С. «Өркениеттер тоғысындағы түркітанушы маманның мәселесі» атты тақырыпта баяндамасы факультет оқытушы-профессорлар құрамына үлкен әсер қалдырды. Г.Қосымованың конференция жайлы өз пікірін білдірді: «Конференция тұлға қалыптастыруды мақсат еткен. Білім беру тұжырымдамасына сəйкес, бұл конференцияда Əл-Фарабиден бастау алып, Орта ғасырдың ойшылы Жүсіп Баласағұн мен19-ғасырдың философ ақыны Абайдың шығармаларында салынған "Толық адам" идеясы білім алушының моделі ретінде конференцияда айтылды. Конференция атына сай заты болған конференция болып өтті. Онда гуманитарлық білімдер бойынша жасалынатын оқу жоспарының платформасы, педагогикалық тұжырымдар мен идеялар айтылды.»

Қатысушылардың қатарынан Абуова А.Т., Базаркулова Б.К., Түргенбай А.А., Балакаева Л.Т., Серикбаева З.А., Сейтметова Ж.Р., Искакова З.Е., Габдуллин К.Г., Калиева Ш.С., Ахметбекова А.К., Кортабаева Г.К., Шадкам З., БББ координаторлары, жұмыс берушілер және т.б. еді.

Толық ақпарат алу үшін: Smc.kaznu.kz

 

Басылым күні :  13.02.2020