Түрік халық ән кеші

30 сәуір 2019 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Түрксой бөлімінде «Bu Bahar Başka Bahar» атты мерекелік өлең және ән кеші ұйымдастырылды. Кештің Түркия Республикасынан келген арнайы қонағы түрлі классикалық және халық әндерінің орындаушысы Рэхим Гюлмез болды.

Рэхим Гюлмез студенттермен бірге түрік халқының ұлттық музыкалық аспаптарының бірі болып саналатын саздың сүйемелдеуімен классикалық түрік әндерімен бірге, қазақ әндерін де шырқады. Ол өзінің жарқын тембр және жігерлі орындауымен тыңдаушыларды таңғалдырды. “Divane aşık gibi”, “Uzun ince bir yoldayım”, “Bülbül” түрік әндері орындалды. Сонымен бірге, «Сағындым Алматымды», «Жайлаукөл кештері» атты қазақ әндері де багламаның сүйемелдеуімен шырқалды.

Кештің қонақтары Шығыстану факультетінің оқытушылар құрамы мен студенттері концерт ұйымдастырушылары Түрксой бөлімінің оқытушылары Селенай Балоглу және Жерен Кабадайыға алғыстарын білдірді.

Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Сұлтанбаева Н.Д.

Басылым күні :  15.05.2019