Түркия Республикасы әнұранының 98-жылдығы

Апталықтың үшінші күні наурыз айының 12-ші жұлдызы Түркия Республикасы әнұранының қабылдауына 98-жылдығын құттықтау мен Мехмет Акиф Ерсойды еске алу кеші ұйымдастырылды. Осы кешке арнайы қонағымыз Түркия Республикасы Елшілігінің Алматыдағы Консулдығының өкілі Өмер Четин арнайы шақырылды. Кешіміздің бағдарламасы бойынша екі елдің әнұранымен басталып, Түркия Республикасының Әнұраны мен түрік елі үшін 18-наурызда өтетін Чанаккаледегі құрбан болған қаһармандарды еске алуына арналған екі бейнеклип тамашаланды. Кафедраның «Шетел филологиясы» мамандығының 1-курс студенттері Мұзапарханова Жанна, Жарылқасын Арайлым және Жарылқасынқызы Арзу дайындаған Карагөз-Хадживат театр қойылымы да алғаш рет қойылды.

Түрксой кафедрасының оқытушысы Кайранбаева Н.Н.




Басылым күні :  18.03.2019