Түрік апталығы – эссе жазудан жарыс күні

Мерекенің екінші күнінде, 2019 жылдың 12-наурыз күні, 1-3 курс студенттері арасында жазу дағдысын арттыру ниетімен түрік тілінде шығарма жазудан жарыс өтті. Студенттер «Vatan sevgisi», «Milli bayramlar», «Gençlik hayalleri», «İnsanlık ölmüş mü?», «Bir dünya hayal ediyorum?», «Keşke olsaydı/olmasaydı...», «Kazakistan'da genç olmak?», «Doğa bize neler söylüyor?», «Eğer şimdi uyuyakalırsan rüya göreceksin, Eğer şimdi çalışırsan rüyanı yaşayacaksın.», «Elinde sihirli bir değnek olsaydı, ne değiştirirdin?» атты тақырыптарда шығарма жазды. Шығарма жазу сайысының нәтижесі бойынша 1-орын Изимова Асель, 2-орын Естеміс Асем, ал үшінші орынға 1-курс студенті Ниязхаджиева Шахсанам иеленіп, жүлде иегерлері дипломмен әрі кафедра тарапынан әзірленген сыйлықтармен марапатталды.

Түрксой кафедрасының оқытушысы Кайранбаева Н.Н.


Басылым күні :  18.03.2019