Түрік мәдениетінің кеші

12-желтоқсанда 2018 жылдың Шығыстану факультеті жанындағы Түрксой білім және мәдениет орталығының ұйымдастыруымен студенттердің мәдени біліктілігін арттыру және түрік мәдениетімен салт-дәстүрлерімен таныстыру мақсатында Türk kültür gecesi (Түрік мәдениетінің кеші) атап өтілді.

Аталған іс-шараға Түрксой кафедрасының Шетел филологиясы мамандығы бойынша білім алып жатқан 3-курс және Түркология мамандығының 1-курс студенттері белсенді қатысты. Концерттік қойылымда түрік халықтарының салт-дәстүрлері мен билері көрсетілді. Сонымен қатар, кеш соңы түрік асханасының тәтті тағамдары мен сусындарының ұсынылуымен аяқталды. Кешке Шығыстану факультетінің оқутушы профессорлар құрамы қонақ болып келді.

Ұйымдастырушылар: Түрксой білім және мәдениет орталығы, Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Н.Д.Сұлтанбаева және Шетел филологиясы мамандығының 3-курс студенті Жұмакелдина Мадина.

Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Н.Д.Сұлтанбаева

Басылым күні :  16.12.2018