«Таста қалған тағылым» мерекелік іс-шарасы

Желтоқсан айының 11 жұлдызында Шығыстану факултетінің Түрксой кафедрасында «Жас түркітанушылар» клубының құрамындағы 2-курс магистранттарының ұйымдастыруымен Түркі жазуы мейрамының 25 жылдығына орай «Таста қалған тағылым» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Түркі өркениетінің түп-тамыры болып есептелетін түркі жазуы тарихымен таныстыруды көздеген іс-шарада 1,2,3,4 курс студенттері қатысты.

Студенттер «қазақ», «түрік», «ұйғыр» топтарына бөлініп, осы халықтардың тілі, тарихы, мәдениетінен хабар беретін өнер, көріністер көрсетіп, сұрақ-жауап сайысында білімдерін сынады.

Қазылар алқасы докторанттар мен 4-курс студенттерінен құралды. Студенттер түркі жазуы туралы көп мағлұмат алып, мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Ұйымдастырушы: профессор Р.А. Авакова

Басылым күні :  11.12.2018