«Түркі тілдерінің термин жүйелерін тіларалық біріздендірудің бүгіні мен болашағы» атты тақырыпта кездесу өтті.

2015 жылы 19 наурыз күні сағат 12.00-13.30 аралығында шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен С. Демирел атындағы университет ректорының кеңесшісі,  ф.ғ.д, профессор, Халықаралық Айтматов академиясының және ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Дандай Ысқақұлымен «Түркі тілдерінің термин жүйелерін тіларалық біріздендірудің бүгіні мен болашағы» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге факультет оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. Кездесудің соңында қарастырылған мәселе аясында сұрақтар қойылып, қызу талқыланды. Д.Ысқақұлы мырзаға кафедра ұжымы атынан алғыс білдірді.

25

Басылым күні :  20.03.2015