Түркітануға арналған жазғы мектеп

Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасында Стамбул университетінің студенттеріне арналған  Жазғы мектеп өтіп жатыр. Шілденің 5-ші жұлдызынан басталған Жазғы мектеп бір ай бойына жалғасады. Түркі халықтарының тарихы мен тілін, мәдениеті мен әдебиетін оқып, үйренетін жас түркітанушыларға Түрксой кафедрасының білікті оқытушылары қазақ тілі мен әдебиетінен лекциялар жүргізуде. Стамбул университетінің Әдебиет факультетінде оқитын студенттеріне арнап ұйғыр халқының тарихы мен мәдениетіне қатысты ғылыми-танымдық семинарлар да ұйымдастырылған. Жазғы мектепке Қазақстанда жұмыс жасайтын TUKIB (Түрік-қазақ кәсіпкерлер қауымдастығы) өкілдері де қатысып, білімдерін шыңдауда. Аптасына бес күн өтетін сабақтармен бірге, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін танытатын әртүрлі мәдени іс-шаралар да өткізіліп жатыр.

Басылым күні :  01.01.2018