ТҮРКСОЙ ұйымының шәкіртақысын тағайындау рәсімі өтті

18 қаңтар 2016 жылы ТҮРКСОЙ ұйымының шәкіртақы тағайындау рәсімі өтті. ТҮРКСОЙ ұйымы шығыстану факультеті  ТҮРКСОЙ кафедрасының студенттеріне шәкіртақы тағайындады. Кафедраның қоғамдық жұмыстарына белсенді ат салысқан 8 студент 100  мың теңге көлемінде шәкіртақыға ие болды. Стипендиямен Түркиядағы ТҮРКСОЙ ұйымының қаржы бөлімінің басшысы Санжар Мүлазымоғлы марапаттады.

 

 Стипендианттар менТүрксой ұйымының қаржы бөлімінің Түркиядағы директоры  Санжар Мулазымоглы және  Түрксой кафедрасының меңгерушісі Тұрғанбаев А.А. 
  Сертификаттарды тағайындау салтанаты.

Басылым күні :  19.01.2016