Шығыстанушылар көрмесі

Шығыстанушылар көрмесінде

ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде «Венгерлік Шығыстанушылар» атты көрменің салтанатты ашылуына бардық.

Салтанатты ашылу Венгрияның Алматыдағы Бас консулы Ференц Блауманның сөзінен басталды: Оның айтуынша, венгерлік жиhангерлер мен ғалымдар шығыс халықтарының тарихын, мәдениетін, дінін зерттеуде елеулі рөл атқарған. Соның арқасында бүгінде Мажар елінде Шығыстану дербес ғылым саласына айналып отыр. ғалым, мәдениет қайраткері, әдебиет пен фольклор зерттеушісі, насихаттаушысы, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы түркі әлемінің көрнекті тұлғаларының бірі Мандоки Қоңыр Иштван стенды берілген.

Көрмеге түркітанушылар, қыпшақтанушылар, студенттер, магистрантар көп жиналыпты. Алматы қаласындағы Мандоки Қоңыр Иштван атындаға  №154 мек­теп оқушылары мың бұралып билеп, ән шырқады. Көрмеге шет елден келген көптеген ғалымдар қатысты. 

 


Басылым күні :  11.11.2015