«Шын жүректен алғыс айтамын!» кеші

29. 02. 2024. сағат 16.00-де  әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен  1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында  «Шын жүректен алғыс айтамын!» кеші өтті. Кеште студенттер алғыс айту күнінің шығу тарихына тоқтала отырып, оның тәрбиелік мәнін түсіндірді.  Сонымен қатар, ұстаздарына, құрбы студенттеріне яғни, өмірлеріндегі жандарына жақын адамдарына алғыстарын білдіре отырып, ән салып, жыр шумақтарын оқыды. Кеш өте жоғары деңгейде өтіп, кеш қонақтары ризашылықтарын білдірді.  

 

Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының

 куратор-эдвайзері А.Ж. Назарова 


Басылым күні :  21.04.2024