ТҮРКСОЙ КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ МЕН ОҚЫТУШАЛАРЫ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ІС-ШАРАСЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіннің шығыстану факультетінде  2024 жылдың 11 сәуірі күні еліміздің жалпы білім беретін мектептері мен гимназияларының жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттеріне кәсіби бағыт-бағдар жұмысын жүргізу және шығыстану факультетінде оқытылатын білім беру бағдарламаларын таныстыру  мақсатында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

           «Ашық есік күні» іс-шарасына мектептер мен гимназиялардың жоғары сынып оқушылары мен жетекшілері, колледж студенттері мен оқытушылары және ата-аналар мен консулдықтардан қонақтар қатысты.

Ашық есік күні іс-шарасын факультет деканы Наталья Борисовна Ем ашып, факультеттің тыныс-тіршілігімен және болашақ жоспарларымен таныстырды. Факультеттің профессор- оқытушы құрамы талапкерлерге факультеттегі мамандықтар мен оқуға түсу талаптары туралы жан-жақты ақпарат берді. 

«Түрксой» кафедрасының меңгерушісі Кенжебек Тулепбергенович Габдуллин «Түрксой» кафедрасындағы білім беру бағдарламаларының артықшылықтары, серіктес университеттер, халықаралық байланыстар мен түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы баяндап берді. 

«Ашық есік күні» аясында оқушылар мен қонақтарға оқытылатын шығыс елдерінің мәдениетімен жақын таныстыру мақсатында  «Шығыс мәдениеті фестивалі» ұйымдастырылды. Факультеттің студенттері оқытылатын шығыс тілдерінде әндер шырқап, өлеңдер оқыды және ұлттық билер биледі.

«Түрксой» кафедрасынан «Шетел филологиясы» мамандығының 2 курс студенті Әбілмәжін Бегімай танымал түрік ақыны Орхан Велидің «İstanbul’u dinliyorum» атты өлеңін түрік тілінде нақышын келтіріп оқып, оқушылар мен қонақтардың жүректерін баурады. Шығыс халықтарының ұлттық киімдер дефилесінде  «Шығыстану» мамандығының 2 курс студенті Қартаңбай Нұрай мен 1 курс студенттері түрік халқының ұлттық киімдерін таныстырды. «Шығыс халықтарының ұлттық тағамдары»  жәрмеңкесінде  «Шетел филологиясы» мамандығының 2 курс студенті Асимова Рахилям түрік ұлттық тағамдары мен тәттілерін таныстырды,  1 курс студенттері мектеп оқушылары мен қонақтарға түрік тәттілерін ұсынды. 

Іс-шара соңында мектеп және гимназия оқушылары мен колледж студенттеріне викторина ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді, сондай-ақ, сыйлы қонақтар мен сынып жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.

 

       А.А. Құрманәлі

Жариялану күні: 15.04.2024

 

Басылым күні :  16.04.2024