"Türk öğrencilere Kazak dili öğretme yöntemi" атты онлайн семинары

"Türk öğrencilere Kazak dili öğretme yöntemi" атты онлайн семинары 

30.01.2024 ж. Әл-Фараби ат.ҚазҰУ-і Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының аға оқытушысы PhD Кайранбаева Н.Н.-ның Ыстамбұл университетінің (Ыстамбұл қ. Түркия) студенттеріне "Türk öğrencilere Kazak dili öğretme yöntemi" атты тақырыпта онлайн семинары өтті. Семинар екі университет арасындағы қысқы мектептің жоспарымен ұйымдастырылды. Іс-шара ТДМ-нің 4-мақсаты: сапалы білім беру шеңберінде өткізілді.

Семинарда қазақ тілінің қазіргі таңда үйретілуі, Латын әліпбиіне көшіру мәселесі, ҚР-да қазақ тілінің деңгейі, Түркия университеттерінде қазақ тілін үйретілуі, т.б. мәселелер талқыланды.

 Н.Н. Кайранбаева

Басылым күні :  31.01.2024