"Farabi Kazak Milli Üniversitesi Kütüphanesi “Nadir Eserler ve Değerli Yayınlar” Bölümünde Bulunan Arap Harfli Tarihi Türkçe Metinler" атты тақырыпта онлайн ғылыми семинары

26.01.2024 ж. Әл-Фараби ат.ҚазҰУ-і Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының проф. м.а., «Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО-ның директоры Зубайда Шадкам-ның Ыстамбұл университетінің (Ыстамбұл қ. Түркия) студенттеріне "Farabi Kazak Milli Üniversitesi Kütüphanesi “Nadir Eserler ve Değerli Yayınlar” Bölümünde Bulunan Arap Harfli Tarihi Türkçe Metinler" атты тақырыпта онлайн ғылыми семинары болды. Семинар екі университет арасындағы қысқы мектептің жоспарымен ұйымдастырылды. Іс-шара ТДМ-нің 4-мақсаты: сапалы білім беру шеңберінде өткізілді.

Семинарда Орталық Азиядағы орта ғасыр қолжазбаларының жағдайы туралы жалпы мәліметтер берілді, оларды табу, сақтау, зерттеу мәселелері, Қазақстандағы араб жазулы қолжазбаларының жіктелуі, сараптамасы және зерттелуі, Әл-Фараби атындағы кітапхананың «Сирек кездесетін кітаптар мен құнды басылымдар» қорындағы жазбалары, «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының зерттеулері, мақсаты жайлы айтылды.

 

Ғылыми қызметкері

Н.Н.Кайранбаева

 

Басылым күні :  31.01.2024