Түркия Республикасының Елшілігі Түрксой кафедрасының студенттері Тарканның концертіне тегін билет таратты.

17.11.2023 ж. «Түрік поп-музыкасының ханзадасы» атанған, 90-жылдары өз елінде ғана емес, басқа елдерге де  «Oynama şıkıdım…», «Dudu», «kiss kiss» әндерімен танымал болған әйгілі түрік әншісі Тарканның Қазақстанда концерті өтті. Осыған орай Түркия Республикасының Елшілігі Қазақстан университеттерінің студенттеріне тегін билет таратып, керемет кешке баруына мүмкіндік берді. Біздің Түрксой кафедрасының студенттеріміз осындай керемет сыйлыққа ие болып, концерт тамашалап, төмендегі пікірлерімен бөлісті: 

 

Садвакасова Жанель, Түрксой кафедрасының 1-курс студенті: 

«17 қарашада Алматы қаласында түріктің танымал әншісі Тарканның концерті өтті. Мен университеттегі курстастарыммен бірге концертке баруына қатты куандым. Бұл шараға қатысу мүмкіндігін Түркия елшілігі берді, мен бұл сыйлық үшін қуанышымызға шек жоқ. 

Концерт керемет өтті және көптеген жағымды эмоциялар берді, сонымен қатар түрік тілін үйренуге мотивация берді. Болашақ түрік тілінен аудармашы ретінде теңдесі жоқ өнерпаз Тарканның концертіне бару маған үйреніп жатқан тілге ғашық болуға мүмкіндік берді.

Бұл күн маған айтып жеткізу мүмкін емес сезімдер сыйлады және группаластарыммен жақындасуға мүмкіндік берді, нәтижесінде біздің байланысымыз дәл осы сәттен бастап нығая бастады.

Маған сыйға тартқан Түркия елшілігіне және билеттерді таратуға жауапты Селенай ханымға алғысымды білдіргім келеді».

 

Айтупова Даяна, Түрксой кафедрасының 1 курс студенті:

«Маған Тарканның концертіне қатысуға мүмкіндік бергені үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Мен алған сыйлық жағымды тосын сый болды, мен Түрксой кафедрасының бір бөлігі болғанымды мақтан тұтамын. Концерт өте жақсы өтті, маған қатты ұнады. Мен көптеген жарқын эмоциялар мен естеліктер алдым. Бұл кеш мені қуантып қана қоймай, тамаша университетімізге деген сүйіспеншілігімді арттырды».

 

Türksoy Bölümü 4. Sınıf Öğrencileri: Aliaskar Zhansaya, Yerkenova Akmaral, Madeniyetova Balsulu, Borasheva Lyazzat, Kazhumukhankyzy Aruzhan:

«Müzik sanatın en güçlü yansımalarından biridir; görsellik olmaksızın, insan ruhunun her hücresini etkiler, bilinç geniş dünyasıyla kendine özgü resimlerini gözlerin önüne serer.

Bence her insanın yapılacaklar listesinde en sevdiği sanatçının konserine ayrılmış bir hayal var. Ben de bir istisna değilim ve Tarkan’ın 17 Kasım 2023 tarihinde yer alan konserine tam anlamıyla bir bilet elde edilecek kadar şanslıydım.

O akşamın ilk canlı izlenimi, alacakaranlıktaki bir şehir gibi ışıklarla dolu, loş bir salona atılan adımdı. Elbette salonun büyük olacağını biliyordum ama bu kadar devasa boyutlarda olması yine de beni şaşırttı ve etrafımdaki insanların hepsi Tarkan’la beraber aynı şekilde gülüyor, şarkı söylüyor ve dans ediyorlardı. Bugüne kadar birkaç konsere gitmiştim, lakin böyle inanılmaz duygu veren tek konser buydu.

Katılma şansını elde ettiğimiz böylesine güzel bir konserin  biletlerini hediye eden  Türkiye Cumhuriyeti Almatı Başkonsolosluğuna sonsuz teşekkürlerimizle!!!»

 

 

Түрксой кафедрасының аға оқытушысы, 1-курс эдвайзері Кайранбаева Н.Н.

Басылым күні :  25.12.2023