«Білім көкжиегінде» атты дөңгелек үстел

14.12. 2023. сағат 18.00-де «Тұрақты даму мақсаттар» жобасы аясында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының 2 курс, «6B02207–Шығыстану» мамандығы студенттерінің ұйымдастыруымен онлайн форматта «Білім көкжиегінде» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде студенттер «адам өміріндегі білім мен тәрбиенің орны, білімді тәжірибеде қолдану, білімсіз болудың адам өміріндегі кері әсері» және т.б. тақырыптарда баяндамалар жасады.  Сонымен қатар, студенттерге білім тақырыбында сұрақтар қойылды және студенттер өз ойларымен бөлісті.  

Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының

 куратор-эдвайзері А.Ж. Назарова


Басылым күні :  21.12.2023