«Оқытушылар күніне» орай мерекелік кеш

 

«Оқытушылар күніне» орай мерекелік кеш

05.10.2023 жылы сағат 16.00-де Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасының 1-курс студенттерінің ұйымдастыруымен факультет пен кафедра оқытушыларына «Оқытушылар күніне» орай мерекелік кеш ұйымдастырылды. Шараға кафедраның 1-2-3-4 курс студенттері белсенді қатысып, оқытушылардың көңілін бір көтерді.

Кештің алғашқы сөзі Деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – Әмірбекова Үмітай Әбдіқаппарқызына берілді. Кейін 3-курс студенттерінің орындауында қазақ-түрік тілдерінде әнмен жалғасты.

3-4-курс студенттерінің дайындаған Видео-көрсетілімі ерекше жасалды. Шығыстану факультеті мен кафедра оқытушыларынан алған күлкілі интервьюлары келген қонақтардың көңілін көтерді.

2-курс студенттерінің «Оқытушының бір күні» театр көрсетілімі кештің көркі еді.

Кеш кафедраның 1-курс студенттерінің үш тілде құттықтау сөзі мен сыйлықтарын таратуымен аяқталды.

P/S: Құрметті Шығыстану факультеті мен кафедра оқытушылары! Сіздерді осы төл мерекеңізбен құтттықтай отырып, шығармашылық табыс, ақылды шәкірт тілейміз! Осы факультет қабырғасында бізге білім беріп, дүниеден озған марқұм Ә.Дербісәлі, А.Чупеков, Қалиев Аманжол ағайларымыз, Марзия апай, Садуова Шолпан апайларымызға да мың алғыс! Жатқан жерлері жайлы болсын!

Шараға жауапты: Түрксой кафедрасының 1 курс студенттерінің кураторы Кайранбаева Н.Н.

Басылым күні :  09.10.2023