Түрксой кафедрасында “Түрік апталығы”-ның алғашқы күні өтті

Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының ұйымдастырумен 13 наурыз бен 17 наурыз аралығында өтетін дәстүрлі «Түрік апталығы -2023» мерекесінің алғашқы күні өтті. Мерекенің ашылу салтанатына шығыстану факультетінің деканы Ем Наталья Борисовна, Түрксой кафедрасының меңгерушісі Кенжебек Төлепбергенұлы Габуллин, кафедра оқытушылары мен 1-2 курс студенттері, басқа да колледж студенттері қатысты. Сонымен қатар арнайы шақырылған Serdar Çetinkaya мырза кешіміздің қадірлі қонағы болды.

Ашылу салтанаты бауырлас екі елдің әнұранымен басталды. Кейін Түркия Республикасы туралы керемет бейнебаянмен жалғасын тапты.

Бүгінгі ашылу бағдарламасынан бастау алған іс-шараларымыздың күн тәртібінде – Түрік мемлекеттік Әнұранының қабылдануы мен Мехмет Акиф Ерсой тұлғасын еске алу бағдарламасы, сондай-ақ 18 наурыз - Чанаккале жеңісі мен шәйіт түскен батырларды (шейіттерді) еске алу күні болды.

Шығыстану мамандығының 2- курс студенті Анер Арланның дайындаған «Түркияның Қаһраманмараш қаласында болған зілзала» туралы бейнебаяны отырған барлық көрермендерге әсер қалдырды.

2 курс студенті Асан Анардың орындауында «Чанаккале» туралы ән шырқалып, 1 курс студенті Әкбаржанова Зубайдамның орындауында "Сағындырған Шанаққала" атты өлеңі оқытылды. Студенттерге Түркия елінің әнұран тарихы туралы мәлімет беру мақсатында Түрік әнұранының авторы Мехмет Акиф Ерсой туралы қысқа метражды фильм көрсетілді.

Салтанатты жиынның соңында түрік халқының ұлттық тағамдары, тәттілері, әйгілі түрік тоқаштары, «сарма» тағамы студенттер мен келген қонақтарға ұсынылды.

«Түрік апталығында» Түрік кино күні, дәстүрлі түрік өнер күні, түрікше жыр байқауы сынды бағдарламалармен өз жалғасын табады. Мерекенің жабылу салтанатында апталық барысында өтікізілген іс-шараларға қорытынды жасалып, жүлделі орындарға ие болған және белсенділік танытқан студенттер марапатталады.  

 

Түрік апталығының қысқаша бағдарламасы:

1-ші күн – 13.03.23ж., сағ. 11.00-14.00 :

  • ·                        Түркия туралы презентациялар: Çeşitli Sunumlar (Çanakkale Türküsü, Mehmet Akif Ersoy şiiri), Çanakkale Zaferi kısa filmi, , Birgemiz Videosu
  • ·                        Birinci ve İkinci Sınıflar Arası “Türkçe Şiir Okuma” Yarışması Duyurusu

2-ші күн – 14.03.23ж., сағ. 14.00 – Türk Sineması Günü: “Ayla” filmi

3-ші күн – 15.03.23ж. сағ.14.00 – Geleneksel Türk Sanatları Günü

4-ші күн – 16.03.23ж. сағ.14.00 – Şiir Yarışması ve Türkçe Şarkılar

5-ші күн – 17.03.23ж. сағ.14.00:

  • ·                        Türk Geleneklerinin Sergilenmesi (Kız İsteme, Türk Kahvesi, Gelin Alma, Kına Gecesi, Halaylar) 
  • ·                        Yarışma Sonuçlarının İlanı
  • ·                        Ödüllerin Verilmesi
  • ·                        Kapanış Oturumu

Сіз Түркия мемлекетінің дәстүрін, тамағын, мерей тойларын, кинолары, т.б. қызықты мәлімет алғыңыз келсе, біздің қадірлі қонағы болыңыз!!!

Н.Кайранбаева

С.Кошумджу

Басылым күні :  13.03.2023