«ДІН ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК» АТТЫ РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен 21.02.2023 сағат 15.00-де Түркия республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы жанындағы дін атташесі Емруллах Үзіммен «Дін және адамгершілік» атты рухани-танымдық кездесу болды. Кездесуге Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Емруллах Үзім мырза, Түркия республикасының басына түскен тауқметті күндерде Қазақстан республикасы мен қазақ бауырларының әр уақытта рухани және материалдық көмек көрсеткенін, сондықтан да елінің және өз атынан алғысын білдіретіндігін жеткізді. Факультет деканы Н.В. Ем университет ұжымы атынан 40 000 000 теңге және көлемді мөлшерде материалдық көмек көрсетілгендігін атап өтті. Өз кезегінде құрметті қонақ Түркі әлемінің бірлігі мен мызғымас достығы біздің тарихи құндылықтарымыз бен адами қасиеттерімізді ғаламдық платформада айқындай түсетіндігіне сенім білдіретіндігін тоқталды. Түркия республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы жанындағы дін атташесі Емруллах Үзім, дін және қоғам, қоғам тәрбиесінде діннің рөлі, зайырлы мемлекетте діни қоғам, ислам дінінің отбасы және ұрпақ тәрбиесінде орны, адамның жаратылысы, адам және адами құндылықтар, діндер және діни кітаптар, иман және діндер арасындағы ынтымақтастық, қоғамдағы үйлесімділік пен бірге өмір сүруді жеңілдететін ережелер жайлы толыққанды мәлімет беріп, сұхбатын әлемдегі өзгерістер мен өз өмір жолынан да мысалдар көрсете отырып жалғастырды. Емруллах Үзім мырза кездесу соңында студенттерді қызықтыратын сұрақтарға жауап беріп, Түркия республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы тарапынан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасына үнемі қолдау көрсетіп отыратындығын атап өтті.

Түрксой кафедрасының аға оқытушылары:

Г.К.Теменова, Е.А. Қуанышбаев.

Басылым күні :  23.02.2023