«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАМАНАУИ ЛЕКСИКОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

 

2023 жылдың 9 қаңтар мен 28 қаңтар аралығында Түркия Республикасындағы серіктесіміз Ескишехир Османгази университетінің Лексикография қолданбалы және ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Халықаралық заманауи лексикографиялық зерттеулер» атты 72 сағаттық Халықаралық семинар өткізілді.

Семинардың басты мақсаты әлемдік, Түркия және Қазақстандағы қазіргі лексикографиялық зерттеу жұмыстарымен таныстыру болды.

20 күндік халықаралық семинарда Түркиялық ұстаз-ғалымдар профессор Ердоган Боз, профессор Гүнейт Акын, доцент Фатих Догру, доцент Ферди Бозкурт, доцент Дилек Ереноглу Атайзи, доцент Назми Алан, PhD Дуйгу Камаджы Генджер, PhD Осман Кабадайы, PhD Джерен Огуз Кабадайы, PhD Езги Аслан, PhD Хусейин Кахраман Мутлу мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының ұстаз-ғалымдары PhD, қауымдастырылған профессор Алтыншаш Құрманәлі, ф.ғ.к., доцент Зубайда Шадкам, PhD Селенай Кошумджу, PhD Мейірім Исаханова және ф.ғ.д., профессор Ботагөз Сүйерқұл, Гүлжихан Көбденова, PhD, доцент м.а. Ботакөз Нұржанова лексикография бойынша өзекті тақырыптарда семинар өткізіп, тіл білімінің бұл саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға 35 Қазақстандық және Түркиялық оқытушы мен докторант тыңдаушы ретінде қатысты. Тыңдаушылар тіл білімінің теориялық және практикалық лексикография саласындағы халықаралық зерттеулер бойынша өте маңызды және тың ақпараттар алғанын және семинардың мазмұнды өткенін тілге тиек етті.

2023 жылдың 30 қаңтарында Халықаралық семинар тыңдаушыларына сертификаттар табысталып, семинар өткізген профессорлар мен оқытушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Қорыта келгенде, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Ескишехир Османгазы университеті арасында ғылыми байланыс одан сайын артып жатыр. Айтып кетсек, қазіргі таңда Шығыстану факультеті Түрской кафедрасының студенттері аталған университетте тағылымдамадан өтіп жатыр.

 

PhD, қауымдастырылған профессор Алтыншаш Құрманәлі

                                 PhD, аға оқытушы Назым Қайранбаева

 

Басылым күні :  01.02.2023