КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ

 13.01.2023 ж. Шығыстану факультеті Қазақстанның жалпы білім беретін мектептері мен гимназиялары түлектерімен кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысын жүргізуге арналған онлайн-конференция ұйымдастырды.

Онлайн конференцияға мектеп оқушылары, мектеп директорлары, мектеп директорының білім беру ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты.

Онлайн коференцияны Шығыстану факультеті деканының м.а. Ем Наталья Борисовна ашты. Шығыстану факультеті оқу-әдістемелік істер жөніндегі деканының орынбасары Амирбекова Умитай Шығыстану факультетінің құрылымы, факультетте оқытылатын білім беру бағдарламалары және түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

Қытайтану, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия, Қиыр Шығыс және Түрксой кафедраларының оқытушылары кафедраларындағы білім беру бағдарламалары жайында баяндап берді. Студенттер мен магистранттар Шығыстану факультетінде оқудың артықшылықтары мен қызықты студенттік өмірді тілге тиек етті.

Түрксой кафедрасының кәсіби бағыт-бағдар жұмысына жауапты оқытушысы, PhD., қауымдастырылған профессор Құрманәлі Алтыншаш Арыстанбекқызы жалпы білім беретін орта мектептер мен гимназия түлектеріне Түрксой кафедрасының профессор-оқытушы құрамы мен халықаралық байланыстары, кафедрада оқытылатын білім беру бағдарламаларында білім алудың артықшылықтары, серіктес университеттер, тағылымдама базалары, түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы баяндама жасады.

«6В02207-Шығыстану» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Қозыбаева Айым студенттік өмір, түрік тілін меңгерудің артықшылықтары және Түркияда тағылымдамалар жайында қысқаша баяндап берді.

Конференция соңында оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басылым күні :  17.01.2023