16-17.11.2022 ж. – Түрксой кафедрасы асс.профессоры З. Шадкамның Ақтау қаласына іссапары

 

2022 жылдың 16 -17 қарашасында Ақтау қаласында Маңғыстау облысы әкімдігі, Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы тарапынан ұйымдастыруымен осы аймақтағы «Маңғыстау - тарих абызы: тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау және қорғау мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өткізілді.

Бұл конференция Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2020-2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында өткізіледі.

Конференция Арал-Каспий аймағының тарихи-мәдени мұраларын ғылыми зерттеу, сақтау, және пайдалану, танымал ету бойынша өзекті мәселелерге арналады. Конференцияға отандық және шетел (Ресей, Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан) ғалымдар мен мамандар қатысты. Солардың арасында «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Түрксой кафедрасының доценті, асс.профессор Зубайда Шадкам «Шағатай тіліндегі менкібелерде Сұлтан Үпі бейнесі» атты тақырыбында жасаған баяндама жасады. Сонымен қатар, «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының маманы Ө.Тұяқбаев «Қазақстан эпиграфиялық ескерткіштерді зерттеу және құжаттау мәселелері» тақырыбымен конференцияға қатысты.

Конференция туралы қосымша ақпарат алу үшін https://mangystautv.kz/kz/news/34731 сайтынан алуға болады.

З.Шадкам

Н.Кайранбаева

 

 

Басылым күні :  30.11.2022