«Кеңес Одағының батырлары Мәншүк пен Әлия» арналған тәрбие сағаты

Кеңес Одағының батырлары Мәншүк Мәметованың туғанына – 100 жыл, Әлия Молдағұлованың туғанына – 97 жыл толуына орай, Түрксой кафедрасының профессор-оқытушы құрамы және студент жастар қатысуымен патриоттық іс-шара өтті. Патриоттық шараға жиналғандар қан майданда ерлікпен қаза тапқан бабалардың рухына тағзым жасап, 1 минут үнсіздікпен еске алды. Іс-шара барысында қазақтың батыр, қайсар қызы Мәншүк мен Әлияның майдан даласындағы өмірінен видеороликтер көрсететіліп, 3 курс студенттері өлеңдер оқып, әндер шырқады. Олардың есімі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталатыны анық.

Шараны куратор-эдвайзер Н.М.Шуиншина Мета ұйымдастырды.


Басылым күні :  22.11.2022