Өнерің өрлесін, Анар!

Университетіміз ұйымдастырған «FARABI FEST» фестивалі өз мәресіне жетті. Өнер саласында түрлі жанрлар бойынша сайысқа түскен студенттер өз жетістіктерін паш етті. Бірнеше сатыдан өтіп, әбден іріктеліп, тек мықтылардың мықтылары ғана Гала-концертте өнер көрсетуге жолдама алды. Олар осы фестивальдің жеңімпаздары атанды.

Түрксой кафедрасы «шетел филолоиясы» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Асан Анар да осы фестивальге қатысып өз өнерімен көпшілікті баурап алды.

Фестиваль аясында «FARABI MUSIC» әншілер байқауының «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша Асан Анар, Сатыбалды Асылзат және Сәрсенғали Ділдә триосы жүлделі үшінші орынды иеленіп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма-төрағасы, ректор Ж.Қ.Түймебаевтың арнайы дипломымен марапатталды.

Студентіміз Асан Анарды үлкен сахнадағы өнерінің сәтті басталуымен құттықтап, білімде де, өнерде де тек биіктерден көрінсін деген тілек айтамыз.

 

 

2 курстың куратор-эдвайзері Әбелдаев Ж.Ә.

Басылым күні :  19.11.2022