«Жаңа Қазақстан-әділетті қоғам» атты дөңгелек үстел

 

11 қараша 2022 жылы Түрксой кафедрасы меңгерушісінің орынбасарлары К.Б. Жанатаева және Г.К. Теменованың ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан-әділетті қоғам» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға кафедраның 2, 4 курс студенттері қатысты. Дөңгелек үстел барысында студенттермен «Жаңа Қазақстан дегеніміз не?», «әділетті қоғамды құру үшін не қажет?» - деген сауалдарға жауаптар беріліп, талқыланды. Студенттер қарапайым халықтың мүддесі, биліктің қоғам алдындағы міндеті сынды мәселелерді ортаға салды. Сондай-ақ студенттер үстіміздегі жылдың 20 қарашасында өтетін Президенттік сайлауға үміткер ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан- бәріміз және әрқайсымыз үшін» сайлауалды тұғырнамасымен таныстырылып, тұғырнамадағы әділетті қоғам дегенміз қолжетімді және сапалы білім, заманауи медицина, әлеуметтік қорғау, ортақ құндылықтар мен мәдениет және жаңа буын екендігі түсіндірілді. Аға оқытушы К.Б. Жанатаева Жаңа Қазақстанды құруда жастардың орны маңызды екендігіне тоқтала отырып, 20 қарашада өтетін Президенттік сайлауға қатысу-әділетті қоғамды құрудың бастамасы екендігін атап өтті.

Басылым күні :  11.11.2022