“Жылы жүрек”атты қайырымдылық жәрмеңкесі

07.11.22 күні Шығыстану факультеті төрінде, “Көмек” Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен “Жылы жүрек”атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Шетел филологиясы,шығыстану мамандықтарының 1-ші және 3-ші курс студенттері ұйымдастырған бұл жәрмеңкеде әртүрлі тамақтар сатылды, жиналған ақша жағдайы төмен отбасыға көмек ретінде жұмсалатын болады.Жүрегіміз жылулыққа, жанымыз жақсылыққа әрқашан құштар болсын💌

Түрксой кафедрасының студенті Мадениетова Балсұлу

Басылым күні :  07.11.2022