Түрксой кафедрасының оқытушылары біліктілікті арттыру курсын аяқтады

2022 жылдың 3-29 қазан аралығында Түрксой кафедрасының оқытушылары (Әбелдаев Ж., Назарова А, Теменова Г., Шуиншина-Мета Н., Кайранбаева Н.) Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімсен ұйымдастырылған «Фольклор мен халық әдебиетіндегі зерттеулері, жинақтау және жіктеу әдістемесі мен тәсілдері» атты 72 сағаттық бетпе-бет және онлайн курсына қатысып, сәтті аяқтады. Курсты арнайы шақырылып отырған Түркия мемлекетінің гуманитарлық-әдебиет факультеті түрік тілі мен әдебиеті кафедрасының докторы, Ардахан университетінің профессоры Ердоған Алтынқайнақ жүргізді. Құрметті оқытушыларымызды алған сертификаттарымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!

Басылым күні :  05.11.2022