Түрксой кафедрасының студенттері Денизлі қаласындағы ең алғашқы Қазақстан консулдығының ашылу салтанатында

Мен, Амантаева Аружан, ҚазҰУ университетінің, Шығыстану факультетінің, Түрксой кафедрасының 4 курс студентімін. Қазіргі уақытта академ. мобильность бағдарламасы бойынша Түркиядағы Денизлі қаласының Памуккале университетінде білім алып жатырмын. 

03.11.2022 күні Денизлі қаласындағы ең алғашқы консулдық- Қазақстан консулдығын ашылуына қатыстық.  Консул болып Окан Огуз мырза тағайындалды. Ашылу салтанатына Анкара қаласындағы Қазақстан елшісі- Еркебұлан Сапиев арнайы келді. Бұл консулдықтың Қазақстан- Түркия дипломатиялық қарым-қатынастарының 30-шы жылында ашылуының ерекше мағынасы бар екендігі атап өтілді. Бауырлас мемлекетімізбен тамырымыз, тарихымыз, тіліміз және мақсатымыз бір және бұл одақ мәңгілік болады деп үміттенеміз. Ашылу салтанатына Памуккале университетінің ректоры- Ахмет Кутлухан, Денизлі қаласының әкімі- Шениз Доган, ДЕНИБ басшысы- Хусейн Мемишолу, Денизлі ұйымдасқан өнеркәсіптік аймағының директорлар кеңесінің төрағасы- Абдулкадир Услу, сондай-ақ саяси ұйымдар басшылары қатысты.  Сонымен қатар осы күні Памуккале университетінің табалдырығында, Çağdaş Türk lehçeleri ve edebiyatı кафедрасының меңгерушісі Нергиз Бирайдың көптеген жылдар бойы еңбектенген кітап жинағынын презентациясы өтті. Ол кітап жинағы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай еңбектерінің түрік тіліне аудармасы. Елшіміз Еркебұлан Сапиев Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан  Алғыс хатпен марапаттады.

 

Басылым күні :  05.11.2022