«1 курспен танысу» мәдени шарасы

30 қыркүйек күні Түрксой кафедрасының Әзербайжан орталығында 1 курс студенттеріне арналған «1 курспен танысу» мәдени шарасы аталып өтті.

Шараның құрметті қонақтары арасында факультет деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Жақыбаева Салтанат Төлеуқызы, Түркиялық қонақ оқытушы, PhD Селенай Кошумджу, факультет түлегі, кәсіп иесі Ниязхаджиаева Шахсанам, Түрксой кафедрасының профессор-оқытушы құрамы және студент жастар болды. Мәдени шараны факультет деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Жақыбаева Салтанат Төлеуқызы ашып беріп, оқуға жаңа келіп жатқан жастарға сәттілік тіледі.

2 курстың ұйымдастыруымен өткен шарада жоғарғы курстардың қамқоршылығымен қатар түрік тілінде ән айтылып, өлең оқылып, би биленді. 1 курс қатарына қосылып отырған жастарға ізгі тілектер айтылды.

Шараны куратор-эдвайзер Ж.Ә.Әбелдаев ұйымдастырды.

Басылым күні :  02.10.2022