Бұл жылғы жолдау, бұрынғы жолдаулардан ерекше

 

Мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы, Жаңа Қазақстанның болашағы үшін маңызды жаңалықтарға толы.

Қазақстанның ішкі және сыртқы дамуы мен жаһандық үдерістегі болып жатқан геосаяси өзгерістерді толық қамтыған бұл жолдау он негізгі бөлімнен тұрады.

Осы бөлімдердің әр бірі еліміздің болашағы үшін маңызды болуымен бірге еліміздің демократиялық негізде дамуы үшін жасалған қадамдар айрықша атап өтуге тұрарлық.

Мәселен, президенттің және облыстық, аудандық басшылықтың партия мүшесі бола алмайтындығы және партия бөлімшелеріне жетекшілік ете алмайтындығы жөніндегі шешім демократиялық қоғамның талаптарының  бірі деп айтуға болады.

Дана халқымыз «Балық басынан...» дегендей мемлкет басшымыз халыққа өнеге бола отырып супер президентік жүйеден арылып парламенттік жүйеге өту, президенттің өкілеттіктеріне шектеулер қою, президенттің туыстарының билікке таласпауы секілді көптеген жаңашыл ұсыныстарымен халықты баурап алды.

Елімізде демократияның орнайтынына тағы бір себеп конституциялық сот жүйесін дамыту, сайлау жүйесінде әділдік пен ашықтық, көп партиялық жүйені енгізу, БАҚ еркіндігі, сенат пен мәслихаттың өкілеттіктерін арттыру секілді көптеген шешімдер дәлел бола алады.

Бәрінен де менің көңілімнен шыққан жаңалық атазаңымыздағы бұрмалаушылықтарды жойып демократиялық елдің талаптарына сай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған шаралар болды.

Бұл жерде адам құқығы мен әлеуметтік әлсіз топтардың мүдделеріне тоқталып елімізде кездесіп отыратын балалар құқығының бұзылуын болдырмауға негізделген шешімдер қарастырылады.

«Төртеу түгел болса төбедегі келеді», «Бақ қайда барасың – бірлікке барамын» дегендей мемлекет басшысының бұл жылғы жолдауы еліміздің бірлігі, отанымыздың тәуелсіздігі мен мәңгілік ел болып қалыптасуына атылған үлкен қадам деп білемін.

 

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Шығыстану факультеті

Түрксой кафедрасының

доценті Е.А. Қуанышбаев 

Басылым күні :  17.03.2022