Оқиғалар мен анонстар

Жамбыл Жабаевтың 170-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

18.02.2016

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ҚР Білім және Ғылым министрлігі, ҚР Жазушылар Одағы «Жамбыл ақындық мұрасы және жамбылтанудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«Кәсіби білім берудегі интернет-сауаттылық: әдістер мен шешімдер» атты III республикалық семинар өтеді

17.02.2016

«Өрлеу» Ұлттық Республикалық біліктілікті арттыру институтының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәсіби білім берудегі интернет-сауаттылық: әдістер мен шешімдер» атты III республикалық семинар өтеді. Шараға Алматы қаласы мектептері мен колледждері, Жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысады.

Ары қарай оқу >>

«Аударма және мәдениетаралық қарым-қатынас» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтеді

16.02.2016

ҚазҰУ жанындағы Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтымен бірлесе отырып шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасындағы «Аударма орталығы» ЖОО оқытушылары мен аудармашыларға арналған «Аударма және мәдениетаралық қарым-қатынас» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«ЖҮРЕГІМ МЕНІҢ - ЖАНАРТАУ» атты әдеби- сазды кеш өтеді

05.02.2016

«КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «ЖҮРЕГІМ МЕНІҢ - ЖАНАРТАУ» атты әдеби-сазды кеш өткізеді. Қазақ поэзиясының алыбы МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ туған күніне арналған бұл кештің қонақтары – белгілі қаламгерлер, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері, «Жалын» баспасының директоры БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕЕВ, «Құрмет» орденінің иегері ҚУАНЫШБАЙ ҚҰРМАНҒАЛИ.

Ары қарай оқу >>