Оқиғалар мен анонстар

Гравитациялық толқындарды алғаш тікелей бақылау және advanced ligo детекторлары

29.03.2016

Қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасы 30 наурыз күні сағат 15:30 «Гравитациялық толқындарды алғаш тікелей бақылау және advanced ligo детекторлары» атты Дархан Туенбаевтың дәрісін тыңдауға шақырады

Ары қарай оқу >>

Аударматану және компаративистиканы оқыту мен зерттеудің өзекті мәселелері

29.03.2016

Құрметті әріптестер!

Филология және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен өтетін «Аударматану және компаративистиканы оқыту мен зерттеудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

«Инновациялық идеялардан оны жүзеге асыруға»

28.03.2016

«Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент » және «Маркетинг» мамандықтары арасында «Инновациялық идеялардан оны жүзеге асыруға» атты тақырыпта VIII Республикалық студенттер арасындағы олимпиаданы жүргізу барысы

31 Наурыз, 2016 жыл

Ары қарай оқу >>

«Қазіргі заман кейіпкері. Герольд Бельгер»

17.03.2016

30 наурыз 2016 ж. сағат 11.00 G-Global Коммуникативтік алаңының шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы, «Литературная Алма-Ата» альманахы «Қазіргі заман кейіпкері. Герольд Бельгер» атты дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.

Ары қарай оқу >>

«Қазіргі биотехнологиялар мәселелері: лабораториялық зерттеулерден өндірістерге» атты конференция өтеді

17.03.2016

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ІІІ Халықаралық Фараби оқулары шеңберінде, ірі ғалым - микробиолог, Қазақстан ұлттық жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі, «Құрмет» орденінің иегері, ЖОО-2007 Үздік оқытушысы, биология ғылымдарының докторы Жұбанова Ажар Аметқызының 75 жылдық мерейтойына арналған, «Қазіргі биотехнологиялар мәселелері: лабораториялық зерттеулерден өндірістерге» атты халықаралық ғылыми- практикалық конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

"ҚазҰУ Smart эдвайзері"

16.03.2016

ҚазҰУ Студенттер Сенатының ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін "ҚазҰУ Smart эдвайзері" жобасының алғашқы кезеңі өткен айда барлық факультеттерде болып өтті.

Ары қарай оқу >>

Алматы марафон

15.03.2016

Құрметті қазұулықтар!

Медициналық факультет - Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғарғы мектебі V алматылық қайрымдылық марафонына қатысуға шақырады!

Ары қарай оқу >>

Заң факультетінде Халықаралық құқықтық олимпиада өтеді

14.03.2016

Олимпиаданың мақсаты: шығармашылық қабілетті ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеп алу мен оларға қолдау көрсету; студенттердің зияткерлік потенциалының қалыптасуына жәрдемдесу; студенттер мен жас ғалымдарды заманауи ғылыми мәселелерді шешуге шақыру; ғылыми қызметке деген қызығушылықты дамыту.

Ары қарай оқу >>

Зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көздерін іздеу және ұсыныстарды дайындау

12.03.2016

«Ньютон – әл-Фараби» үкімет аралық Қазақстан – Британ бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында құрылған Алматы қ. Кәсіби даму және өзара әрекеттестік орталығы тренинг өткізеді. Тренингтің мақсаты зерттеу жұмыстары үшін қаржыландыру көздерін іздеу мен ұсыныстарды дайындау бойынша зерттеушілердің дағдыларын жетілдіру, сонымен қатар жергілікті және халықаралық серіктестермен қарым-қатынасты жақсарту. Бір күндік тренинг 2016 жылы 14 наурызда сағат 09.00 - 17.00. аралығында кітапхананың 314 конференц-залында өтеді.

Ары қарай оқу >>