Жамбыл Жабаевтың 170-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

18.02.2016

Көрулер: 3934

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ҚР Білім және Ғылым министрлігі, ҚР Жазушылар Одағы «Жамбыл ақындық мұрасы және жамбылтанудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция аясында 4 секция жұмыс істейді:

1-секция. Жамбыл шығармашылығы: дәстүр мен жаңашылдық;

2-секция. Жамбыл шығармашылығын тәуелсіздік кезеңдегі зерттеу мәселелері;

3-секция. Жамбыл және қазақ айтыс өнері;

4-секция. Жамбыл шығармашылығы және қазақ халық поэзиясын оқыту әдістемесі.

Конференцияға Қазақстан, Кырғызстан, Ресейдің ғалымдары, жазушылары қатысады.

Конференция аясында Ж. Жабаев атындағы Қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеу орталығының тусаукесері және онлайн конференция өткізіледі.

Өтетін уақыты: 25 ақпан 2016 жыл, басталуы 11.00

Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ректорат ғимараты, 15-қабат(Мәжіліс залы)

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ректорат 15-қабат, 11.00.

Телефон: +7 (727) 3773339 (ішкі 1328, 1330), e-mail: esoltanaeava@mail.ru