«Әлеуметтік педагогика» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтеді

14.02.2016

Көрулер: 3396

ҚазҰУ жанындағы Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты 2016 жылдың 15-27 ақпан аралығында мектеп мұғалімдеріне «Әлеуметтік педагогика» тақырыбында курс өткізеді.

Семинарды педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к. Шағырбаева Меңтай Доғдырбайқызы өткізеді.

Семинардың мақсаты: мектептегі әлеуметтік педагогтардың түрлі категориядағы балалармен жұмыс технологиясын, әдістерін, диагностикалау әдістерін меңгерту. Әлеуметтік педагогикалық қызметтің категорияларымен, теорияларымен, әлеуметтік педагогиканың саласындағы мәселелерімен таныстыру.

Координатор: БАИ директорының мектеп ісі жөніндегі орынбасары Нәлібаева Сара Мәшбекқызы, 2211463