«Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында әлеуметтік дүкеннің ашылу салтанаты өтеді
10.03.2016Алматы қаласының 1000 жылдығына орай және «1000 қайырымды іс» жобасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында әлеуметтік дүкеннің ашылуы өтеді. ҚазҰУ-дағы «Керемет» СҚКО – әлем кеңістігінде теңдесі жоқ университет көлемінде қызмет ететін сервистік орталық. Бұндай орталықтың ашылуына ұлы ойшыл Әл-Фараби бабамыздың бақытқа жету жолында бір-біріне қол ұшын беретін «Қайырымды қала тұрғындары» атты тұжырымдамасы себепкер болған. Тұжырымдама елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдағы берекені сақтау идеясына негіз болып, университетіміздің әрекет етудегі басты ұстанымына айналып отыр.