«Аударма және мәдениетаралық қарым-қатынас» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтеді

16.02.2016

Көрулер: 4195

ҚазҰУ жанындағы Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтымен бірлесе отырып шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасындағы «Аударма орталығы» ЖОО оқытушылары мен аудармашыларға арналған «Аударма және мәдениетаралық қарым-қатынас» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізеді.

Курс бағдарламасын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Мұсалы Ләйла Жұматайқызы жүргізеді.

Курстың мақсаты: аударма теориясының жалпы теориялық негіздері бойынша біліктілігін тереңдету, тіларалық қатынастар жағдайында адекватты аударманы қамтамасыз ету үшін тыңдаушылардың лингвистикалық және аудармашылық құзыреттерін арттыру

Өтетін уақыты: 25.02.2016 - 07.03.2016

Жауаптылар: доцент Ләйла Мұсалы +7747 2701868

Гүлназ Нәбиева +7702 582 73 10