Оқиғалар мен анонстар

Олимпиада

18.01.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих, археология және этнология факультетінің базасында 10-11 сынып оқушылары үшін Қазақстан тарихы және дүние тарихы пәндерінен олимпиада өтіп жатыр.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан мен Жапониядағы жапонтану»

18.01.2018

Қиыр Шығыс кафедрасының Жапония мен Орталық Азияны зерттеу ғылыми-білім беру орталығы «Кампустағы кампус» жобасы аясында Цукуба университетімен бірлесе отырып, «Қазақстан мен Жапониядағы жапонтану» тақырыбында кезекті он-лайн конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Жасөспірімдерге психикалық денсаулығын нығайтуға қалай көмектесуге болады?

15.01.2018

Алматыда балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту мәселелері жөнінде тұңғыш халықаралық конференция өтеді. 

19-20 қаңтар күні Алматыда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен Bilim Foundation қоғамдық қоры жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту және суицидтердің алдын алу мәселелін шешудің ең тиімді әдістемелерін талқылайтын конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«Тәуелсіздік дәуірі»

09.01.2018

2018 жылдың 10 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылауға арналған «Адами капиталдың жаңа сапасы» атты дөңгелек үстел өтеді.

Ары қарай оқу >>

III-ші Республикалық Қысқы Психологиялық мектеп – 2018

03.01.2018

Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар, практик-психологтар, оқытушылар мен әлеуметтік қызметкерлер!

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында жалпы және қолданбалы психология кафедрасы психологиялық инновация және технология орталығы III-ші Республикалық Қысқы Психологиялық мектеп – 2018 «Психологиялық шеберханалар: денсаулық сақтау, білім беру және өндіріс» атты шеберлік сыныпқа қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>

V Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі

28.12.2017

2018 жыл 25-27 қаңтар аралығында әл-Фараби ат. ҚазҰУ Журналистика факультеті ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік радио күніне арналған «Радио және спорт: білім қоғамы дамуы жолында» V Халықаралық журналистика және коммуникация Қысқы мектебі өтеді.

Ары қарай оқу >>

Еліміздегі жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері

25.12.2017

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында «Қоғамдық сананы модернизациялау жағдайында Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері» тақырыбына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

20.12.2017

2017 жылдың 27 желтоқсанында сағат 12:00-де Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтетін «Последний богатырь 2» университет қызметкерлерінің балаларына  арналған Жаңа жылдық қойылымға шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

“Қазақстанның инновациялық дамуын құқықтық қолдау”

14.12.2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының Қазақстанның инновациялық дамуын құқықтық қолдау ғылыми білім беретін, консалтингтік орталығы 2017 жылдың 19-28 желтоқсан аралығында сағат 10.00-ден-17.00-ге дейін Оқу үдерісінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану” тақырыбында онлайн- вебинар өткізеді. Курстың ұзақтылығы-72 сағат.

Ары қарай оқу >>

«Интернет-қауіпсіздік: ақпарат алмасу қауіпсіздігін күшейту»

13.12.2017

2017 жылдың 19 мен 23 желтоқсан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Интернет-қауіпсіздік: ақпарат алмасу қауіпсіздігін күшейту» тақырыбындағы 7-ші Халықаралық семинары өтеді. Семинар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Білім, ғылым және мәдениет сұрақтары бойынша Ислам қауымдастығы (ISESCO), Оңтүстікте тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатындағы ғылым мен технология бойынша комиссия (COMSATS), ISESCO, Ішкі исламдық ақпараттық технологиялар желісімен (INIT) бірлесе отырып, ISESCO-COMSATS ынтымақтастық бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылған.

Ары қарай оқу >>