«Интернет-қауіпсіздік: ақпарат алмасу қауіпсіздігін күшейту»

13.12.2017

Көрулер: 3853

2017 жылдың 19 мен 23 желтоқсан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Интернет-қауіпсіздік: ақпарат алмасу қауіпсіздігін күшейту» тақырыбындағы 7-ші Халықаралық семинары өтеді. Семинар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Білім, ғылым және мәдениет сұрақтары бойынша Ислам қауымдастығы (ISESCO), Оңтүстікте тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатындағы ғылым мен технология бойынша комиссия (COMSATS), ISESCO, Ішкі исламдық ақпараттық технологиялар желісімен (INIT) бірлесе отырып, ISESCO-COMSATS ынтымақтастық бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылған.

Семинардың мақсаты: келесі бағыттар бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті оқыту мен дамыту: ақпарат қорғау объектісі ретінде; ақпаратты қорғауды ұйымдастыру; ақпараттық қорғау құралдары; киберқауіпсіздіктің ықтимал қатерлерін талдау және ақпаратты қорғаудың қажетті режимін құру; киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, дамыту және белсенді түрде жүзеге асыру.

Ақпарат алмасу қауіпсіздігін қамтамасыз ету соңғы 10 жылда ең өзекті мәселе болып келеді.

Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы қарарында «Киберқауіпсіздіктің жаһандық мәдениетін құру және маңызды ақпараттық инфрақұрылымдарды қорғау жөніндегі ұлттық күш-жігерді бағалау бүкіл халықаралық қоғамдастық үшін басымдық болып табылады» деп көрсетілген.

Ислам әлемінің жетекші ғалымдарымен халықаралық семинарды ұйымдастыру және өткізу 2017 жылдың 10-11 қыркүйегінде Астана қаласында өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы саммиті аясында жарияланған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындау болып табылады. Атап айтқанда, жаңа технологияларды енгізу, ғылыми-зерттеу университеттерінің базасында құзыреттілік орталықтарын дамыту, «Сандық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру.

Халықаралық сарапшылардың қатысуымен семинарды ұйымдастыру, суперкомпьютер жұмыс істейтін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Халықаралық IT-технопарктің қалыптасуымен байланысты.

Семинар шеңберінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша: ұйымдарды сертификаттау, ұйымдастырылған ақпараттық қауіпсіздікті басқарудың практикалық тәсілдері, ISO 27001, ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері, ақпараттық қауіпсіздік саясаты мен рәсімдері тақырыптарында сессия жұмыстары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, бұлтты қауіпсіздік механизмдері мен оларға қатер төндіретін мәселелер, IoT қауіпсіздік технологиялары мен мәселелері кіретін CLOUD тұжырымдамасы мен қауіпсіздік модельдері талқыланатын болады. Семинарда сондай-ақ сымсыз желілердегі қауіпсіздік мәселелері қарастырылады және кибершабуылдарға, DoS-шабуылдарына және шабуылдың жаңа әдістеріне жол бермеу сияқты маңызды тақырыптар көтеріледі.

Семинар жұмысына Пәкістан, БАЕ, Иордания, Иран, Бангладеш, Мавритания, Судана, Нигерия елдерінен белгілі ғалымдар мен сарапшылар қатысады.