«Тәуелсіздік дәуірі»

09.01.2018

Көрулер: 3918

2018 жылдың 10 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылауға арналған «Адами капиталдың жаңа сапасы» атты дөңгелек үстел өтеді.    

Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, көрнекті ғалымдар, ғылыми қауымдастық және БАҚ өкілдері, ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері қатысады.

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен өтеді.

Өтетін орны: Алматы қ. ҚазҰУ-дың Әл-Фараби атындағы кітапханасы (конференц-зал, 4 қабат),

Басталу уақыты: сағ.11.00