Еліміздегі жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері

25.12.2017

Көрулер: 4134

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында «Қоғамдық сананы модернизациялау жағдайында Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері» тақырыбына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Өткізу уақыты және орны: 26 желтоқсан 2017 ж. Сағат 11.00-де. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Әл-Фараби Кітапханасы, 4-қабат, 409 кабинет.

Ұйымдастырушысы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» Жастар ресурстық орталығы.

Іс-шараның мақсаты: 2015-2020 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі міндеті ретінде қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы, жемқорлық тәуекелдері мәселелерін кеңінен талқылау және осы салада қолданымдағы заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.

Конференцияға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы, Алматы қаласы Әділет Басқармасы, Алматы қаласының Прокуратурасы, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Іс-шараның міндеттері:

- қазақстандық қоғамның жемқорлыққа қарсы санасының қалыптасу ерекшеліктеріне назар аудару;

- мемлекетте және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайларды анықтау және оларды жою жолдарын көрсету;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша және қоғамның жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтермелеу жөнінде шараларды әріқарай жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Іс шара – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өткізіледі.

Іс – шараға қатысуға тапсырыс 2017 жылдың 25 желтоқсанға дейін мына мекен-жәй бойынша бере алады: 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы – 71, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультеті, 3 - Бас оқу ғимараты, 3-қабат, 325 кабинет; байланыс телефондары: 8 (727) 377-33-35 ішкі 12-55; е-mail: obshestvo.priem@gmail.com