Жасөспірімдерге психикалық денсаулығын нығайтуға қалай көмектесуге болады?

15.01.2018

Көрулер: 3116

Алматыда балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту мәселелері жөнінде тұңғыш халықаралық конференция өтеді. 

19-20 қаңтар күні Алматыда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен Bilim Foundation қоғамдық қоры жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту және суицидтердің алдын алу мәселелін шешудің ең тиімді әдістемелерін талқылайтын конференция өткізеді.

Конференция жұмысына маманданған халықаралық ұйымдар өкілдері, психикалық денсаулық саласындағы отандық және әлемдік жетекші мамандар қатысады.

Жыл сайын әлемдегі жасөспірімдердің 10%-ы дене мүшелерін зақымдайды және 67,000 жасөспірім өздеріне салған жарақаттары нәтижесінде көз жұмады. Суицид жасөспірімдік жастағы қыздар мен ұлдар арасында тысқары себептерден көз жұмудың басты себептері арасында тұрақты орныққан.

Конференция аясында Қазақстан ЮНИСЕФ-тің көмегімен енгізіліп жатқан психикалық денсаулық және өмірлік дағдыларды қалыптастыру, кәмелет жасқа толмағандар арасында суицидтің алдын алуына бағытталған кешенді бағдарламаны ұсынады.

Орны мен уақыты: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы, 19 қаңтар 2018 жыл, 08:30

Аккредитация және қосымша ақпарат алу үшін келесі қызметкермен хабарласыңыздар: 

Зарина Нұрмұхамбетова, ЮНИСЕФ Қоғаммен байланыс маманы

+ 7 777 734 3019 znurmukhambetova@unicef.org