Карамчанд Мохандас Ганди атындағы орталықтың ашылу рәсімі

25.01.2018

Көрулер: 3695

                                                          

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Шығыстану факультетінің 503 аудиториясында Карамчанд Мохандас Ганди атындағы орталықтың ашылу рәсімі өтеді.

Іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен өткізіледі. 

Карамчанд Мохандас Ганди – Үндістанның ғана емес, бірақ бүкіл әлемнің қоғамдық санасы мен философиясына елеулі үлесін қосқан Үндістандағы отаршылдыққа қарсы қозғалыстың көшбасшысы және біртуар ойшылы.  Ол гандизм идеологиясының негізін салушы болып табылады.

Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шри Прабхат Кумар, Үндістан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Шри Мартин Сириас Слеменс, Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының әскери атташесі полковник Налаваде және «Тенгри банк» АҚ вице-президенті Динеш Кумар халықаралық конференцияның қонақтары болады.

Кітап көрмесінде қазақ, орыс, ағылшын және хинди тілдеріндегі  отандық және шетелдік үндітанушы-ғалымдардың материалдары ұсынылады.  

 

 

 

Алматы қ., Қарасай батыр көшесі 95А,

 әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық

 Университеті, Шығыстану факультеті

30 қаңтар 2018 ж.

сағат 10.30

5 қабат, 503 ауд.