Филология мен шет тілдерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері

23.01.2018

Көрулер: 4117

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Сүлейман Демирель университеті және Queen's университетімен бірлесе отырып филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Б. Мадиеваның ғылыми-педагогикалық қызметінің 35 жылдығына арналған «Филология мен шет тілдерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері: теория және практика» атты ІV Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясын 26.01.2018 ж. өткізеді. Конференцияға жоғарғы оқу орнының оқытушылары, мектеп мұғалімдері мен жас ғалымдар қатыса алады.

Конференция жұмысы төменде көрсетілген бағыттар бойынша жүргізіледі деп жоспарланып отыр:

1. Шет тілдерін орта және жоғары мектепте оқыту әдістемесі

2. Филологиялық пәндерді жоғары мектепте үйрету мәселелері

3. Мәдениаралық қарым-қатынас және аударматанудың өзекті мәселелері

Конференция жұмысы аясында «Ономастика және қазіргі заман» атты дөңгелек үстел жоспарлануда.

Өтетін орны: әл-Фараби кітапханасы, 4-қабат, 408-зал

Басталу уақыты: 10.00