БҰҰ-ның «Жаңа Жібек жолы» атты мини-моделі

19.01.2018

Көрулер: 3886

БҰҰ-ның «Жаңа Жібек жолы» атты мини-моделі

ҚазҰУ Халықаралық Қатынастар факультеті жанындағы БҰҰ Ақпараттық аймақтық орталығы, БҰҰ Моделі бағдарламасы Алматыдағы БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат департаментінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етуіне байланысты ұйымдастырылатын БҰҰ «Жаңа Жібек жолы» мини-моделіне қатысуға шақырады.

Бұл мини модель жастар арасында БҰҰ-ның жұмыс барысы, қазіргі әлемнің проблемалары, сондай-ақ республикамыздың халықаралық белсенділігі жайындағы білімді арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, алдағы БҰҰ моделі аналитикалық, дипломатиялық, шешендік және коммуникативтік дағдылары шыңдауға септігін тигізеді.

БҰҰ мини-моделі конференциясы екі комитеттердің көмегімен жүзеге асырылады:

- Қауіпсіздік Кеңесі: Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелерін шешу үшін жаңа көзқарастар.

- Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы: қоғамдық теңдікті көтеру және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін кемсітуді жою шаралары мен механизмдері.


Талқылау барысында қатысушыларға өзекті жаһандық мәселелерді шешу үшін біріккен әр түрлі елдердің делегациясы ретінде әрекет мүмкіндігі беріледі.

Өтетін жері:Қарасай батыр көшесі, 95, халықаралық қатынастар факультеті
Күні және уақыты: 1-ақпан 2018 жыл, 9:00.


Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуыңызға болады:

Деловарова Лейла Федоровна, директор
ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің БҰҰ Өңірлік ресурстық орталығы
Телефон: +7 701 365 8808, электрондық пошта: delovarova@mail.ru

Каримова Ширингул, кеңесші
ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің БҰҰ Өңірлік ресурстық орталығы
+ Тел:. 7.707.105 6058, электрондық пошта: shiringul95@gmail.com