Оқиғалар мен анонстар

Smart және тұрақты қалалар

26.06.2018

2018 жылдың 27 шілде күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Smart және тұрақты қалалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстел жұмысына қатысушыларды қалалардың тұрақты дамуы және табиғи апаттар қаупін басқару бойынша Гонконг тәжірибесімен таныстыратын Гонконг политехникалық университеті (PolyU) зерттеу тобының өкілдері қатысады.

 

Ары қарай оқу >>

SANALY URPAQ

26.06.2018

2018 жылдың 27 маусымында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "SANALY URPAQ" жобалық кеңсесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Аталмыш шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, Алматы қаласы білім басқармасының, ЖОО-лардың және қаладағы колледждердің басшылары қатысады.

Ары қарай оқу >>

Ғылым қорымен бірлескен семинар өтеді

18.06.2018

2018 жылдың 22 маусымында ҚазҰУ-да «Ғылым қоры» АҚ «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» ҚР Заңы ережелерін ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру ережелерін түсіндіру бойынша семинар өтеді.

Ары қарай оқу >>

Дөңгелек үстел

15.06.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдаумен бірлесе отырып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл факторы ретінде Қазақстан Республикасында бюджеттік ұйымдар мен ұлттық компаниялардың кадрлық саясатына меритократия қағидасын енгізудің негізгі жолдары туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«Аймақтық даму үшін Геоинформатика»

13.06.2018

2018 жылдың 14 және 17 маусым аралығында Зальцбург университетінің ГАЖ және Геоинформатика Орталығының, Қытай ғылым академиясының Орталық Азия елдерінің Экология және қоршаған орта ғылыми-зерттеу орталығының (RCEECA), Австрия-Орталық Азиялық Геоақпараттық ғылымдар орталығы - ACA*GIScience, Trimble Navigation компаниясының, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркінің қолдауымен және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының ұйымдастыруымен Орталық Азиядағы ГАЖ - «Аймақтық даму үшін Геоинформатика» GISCA 2018 халықаралық конференциясы өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

«SANALY URPAQ»

12.06.2018

2018 жылдың 13 маусымында «SANALY URPAQ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқұшев Алматыдағы колледж, мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің басшыларымен кездеседі.

Ары қарай оқу >>

«Сыбайлас жемқорлықтан жалпы бас тартудың қалыптасуындағы рухани-адамгершілік пен моральділік»

11.06.2018

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлықтан жалпы бас тартудың қалыптасуындағы рухани-адамгершілік пен моральділік»тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

07.06.2018

8 маусым күні мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихы, конституциялық жəне əкімшілік құқығы кафедрасының бастамасымен «Азаматтық бақылау» әлеуметтік жобасы және «SANALY URPAQ» жобалық кеңсесімен бірігіп «Білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық жəне басқару механизімі (ұлттық жəне шетелдік тəжірибе)» тақырыбында онлайн түрде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Тоталь Энерджи жазғы мектебі

05.06.2018

Маусым айының 11-15 аралығында ҚазҰУ-де әлемнің танымал «Total» мұнай-газ компаниясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Гео-энергетика» ғылыми-зерттеу орталығының негізінде «Тотал Энерджи» жазғы мектебін өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Ашық есік күні

05.06.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медицина факульеті 2018 жылдың 9-шілдеде «Ашық есік күнін» өткізеді. Біздің факультет магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына оқыту жүргізеді; сондай-ақ «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс»; «Денсаулықты басқару»; «Денсаулық сақтау саласындағы құқық»; «Денсаулық сақтау саласындағы психология»; «Медициналық-профилактикалық іс» магистрлік бағдарламаларын оқытады.

Ары қарай оқу >>