SANALY URPAQ

26.06.2018

Көрулер: 2824

2018 жылдың 27 маусымында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "SANALY URPAQ" жобалық кеңсесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Аталмыш шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, Алматы қаласы білім басқармасының, ЖОО-лардың және қаладағы колледждердің басшылары қатысады.

Отырыс барысында қатысушылар тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы және білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы «Жемқорлықтан тыс университет» жобасының жүзеге асу тәжірибесі, жемқорлық тәуекелдерін азайту мен жою жолындағы цифрлық технологиялардың рөлі талқыланады. Сонымен қатар әлеуметтік жемқорлыққа қарсы мониторингтің әдістемесі ұсынылады.

Өтетін уақыты мен орны: ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасы, 4 қабат (конференц-зал), 27 маусым, басталуы сағат 11.00.

Байланыс үшін: 8 (727) 377 31 48