Оқиғалар мен анонстар

Нәзір Төреқұлов атындағы аудиторияның салтанатты ашылуы шарасы өтеді

11.05.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2018 жылдың мамыр айының 12 жұлдызында Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрі Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахмановпен ресми кездесу болады. Қайрат Құдайбергенұлы әр жылдары БҰҰ жанындағы ҚР тұрақты өкілдігінің басшысы, ЕҚЫҰ жанындағы ҚР тұрақты өкілдігін және бірнеше мемлекеттердің Төтенше және Өкілетті Елші қызметтерін атқарған.

Ары қарай оқу >>

Студенттер назарына!

11.05.2018

Құрметті студенттер назарына!

Егер сіз оқу үлгерімінде жақсы нәтиже көрсетсеңіз, қоғамдық өмірге белсене аралассаңыз, спорттық сайыстардың жүлдегері болсаңыз, ғылыми жетістіктерге жетсеңіз -"Сұңқар" стипендиясына лайықтысыз. 

  

 

Ары қарай оқу >>

«Азаматтық құқықтың мәселелері» тақырыбында вебинар

05.05.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының “Қазақстанның инновациялық дамуын құқықтық қолдау” ғылыми білім беретін, консалтингтік орталығы 2018 жылдың 10-19 мамыр аралығында сағат 10.00-ден-17.00-ге дейін “Азаматтық құқықтың мәселелері” тақырыбында онлайн- вебинар өткізеді. Курстың ұзақтылығы-72 сағат.

Ары қарай оқу >>

Хамад бин Халифа атындағы университет делегациясының сапары

05.05.2018

ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің Таяу шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы 2018 жылдың 10 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Хамад бин Халифа атындағы университеттің президентінің Ахмад М. Хаснаның басшылығымен университет делегациясы ресми іс-сапармен келе жатқанын хабарлайды.

Ары қарай оқу >>

«BBC World News»

26.04.2018

Сіздерді 27 сәуір күні сағ. 15.00-де халықаралық медиа бойынша сарапшы, «BBC World News» телеканалының коммерциялық өкілдігінің басшысы Сергей Становкин мырзаның «Жаһандану жағдайындағы елдің стратегиялық байланысы» тақырыбындағы дәрісін тыңдауға шақырамыз!

Ары қарай оқу >>

Құрметті студенттер-cауалнамаға қатысайық!

23.04.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің Медиа және Коммуникация орталығы, коммуникативті эффектілерді жақсарту жолдарын іздестірумен қатар оның тиімділігін арттыратын және әлсірететін факторларды анықтайтын арнайы зерттеу жүргізеді.

Ары қарай оқу >>

ХХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі күнге дейінгі түркі әлемінің саяси, экономикалық және мәдени дамуы

23.04.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ататүрік «Мәдениет, тіл мен тарих» ғылыми-зерттеу орталығы, Алматы қаласындағы 2018 жылдың 24-27 сәуір аралығында «ХХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі күнге дейінгі түркі әлемінің саяси, экономикалық және мәдени дамуының» халықаралық симпозиумын өткізеді.

Ары қарай оқу >>