«Аймақтық даму үшін Геоинформатика»

13.06.2018

Көрулер: 4957

GISCA-2018 «Аймақтық даму үшін Геоинформатика» халықаралық конференциясын өткізу туралы

2018 жылдың 14 және 17 маусым аралығында Зальцбург университетінің ГАЖ және Геоинформатика Орталығының, Қытай ғылым академиясының Орталық Азия елдерінің Экология және қоршаған орта ғылыми-зерттеу орталығының (RCEECA), Австрия-Орталық Азиялық Геоақпараттық ғылымдар орталығы - ACA*GIScience, Trimble Navigation компаниясының, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркінің қолдауымен және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының ұйымдастыруымен Орталық Азиядағы ГАЖ - «Аймақтық даму үшін Геоинформатика» GISCA 2018 халықаралық конференциясы өткізіледі. Мақалалардың жариялануын Евразиялық-Тынықмұхиттық ұйым, Австриялық ғылымдар академиясы және Австриялық-Орталық Азиялық геоинформатикалық ғылымдар орталығы– ACA*GIScience қолдауымен ұйымдастырады.

Конференцияның негізгі мақсаты - Орталық Азия мен Еуропадағы ГАЖ мамандарын, осы саладағы ғалымдар мен оқытушыларды біріктіріп, халықаралық қатынастарды арттыру мен ГАЖ және геоинформатика салаларында білім алмасу.

Конференция ғылыми қоғамда ақпарат алмасуды жолға қоюдың, халықаралық ынтымақтастықты дамытудың, әлемдік геоақпараттық ортаға Қазақстанның бірігуінің өзіндік алаңы болады. GISCA 2018 конференциясы жұмысының аясында Орталық Азия елдері алдыңғы қатарлы ЖОО мен ғылыми ұйымдардың мамандары жетекшілігімен өтетін аймақтық зерттеулер үшін ГАЖ және геоинформатиканы ғылыми зерттеулерде қолданудың тәжірибелері мен нәтижелері жарияланады.

GISCA 2018 конференциясы аясында пленарлық отырыстар өткізу, тақырыптық секциялар бойынша жұмыстар жүргізу, семинарлар өткізу жоспарланған. Сонымен қатар конференция аясында мәдени бағдарлама қарастырылған.

Қабылданған мақалалар ағылшын тілінде қарастырылады және «ҚазҰУ жаршысы» журналында жарияланады. Географиялық серия (http://bulletin-geography.kaznu.kz.)/. Жекелеген мақалалар Халықаралық геоинформатика журналында (http://www.egeoinfo.net) жариялануға ұсынылады.

Конференцияның жұмыстары келесі секциялар бойынша жүргізіледі:

  • ·      Картографиядағы ГАЖ
  • ·      Ауыл және орман шаруашылығындағы ГАЖ
  • ·      Жерге орналастыру және кадастрдағы ГАЖ
  • ·      Қоршаған орта мен экожүйелерді басқару үшін ГАЖ
  • ·      ГАЖ және қашықтықтан зерделеу
  • ·      Қолданбалы ГАЖ

Конференцияға Австрия, Германия, Корея, Қытай, Ресей, Орталық Азия елдерінен көптеген мамандар қатысады деп күтілуде.

Конференцияның жұмыс жүргізілу тілдері: ағылшын (негізгі) және орыс тілі.

Өткізілетін орны : Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 71, Әл-Фараби атындағы кітапханасы, 4 қабат, 408,409 кабинеттер.

Басталуы: 15 маусым, 08.00 сағ. (тіркелу)

https://gisca2018.wordpress.com/ ресми сайтында конференция туралы қосымша ақпараттар орналастырылған.