«SANALY URPAQ»

12.06.2018

Көрулер: 663

2018 жылдың 13 маусымында «SANALY URPAQ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқұшев Алматыдағы колледж, мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің басшыларымен кездеседі.

Шара барысында ол «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобасы, жобалық кеңсенің негізгі жұмыс бағыттары және атқарылған істердің нәтижелері жайлы баяндайды, сонымен бірге білім мекемелері жетекшілерінің сұрақтарына жауап береді.

«SANALY URPAQ» жобалық кеңсесі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан осы жылдың көктемінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен ашылған. Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін енгізу туралы үш жақты келісімге Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов қол қойған болатын.

Өтетін орны және уақыты: Ы.Алтынсарин атындағы №159 мектеп- гимназиясы (Қабанбай батыр көшесі, 86, Пушкин көшесінің қиылысы), басталуы сағат: 13.00

Байланысу үшін: 8 (727) 377 31 48.