Smart және тұрақты қалалар

26.06.2018

Көрулер: 384

2018 жылдың 27 шілде күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Smart және тұрақты қалалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстел жұмысына қатысушыларды қалалардың тұрақты дамуы және табиғи апаттар қаупін басқару бойынша Гонконг тәжірибесімен таныстыратын Гонконг политехникалық университеті (PolyU) зерттеу тобының өкілдері қатысады.

Гонконгтағы жетекші университет ретінде PolyU Гонконгта да, бүкіл әлемде де ғылыми және техникалық зерттеулерде өзінің күші мен жетістігін көрсетті. PolyU 2018 жылы QS Top 50 Under 50 рейтингісінде 6-орынды, Азия мемлекеттері арасында QS University рейтингісінде27-орынды, QS World University рейтингісінде 95-орынды иеленді.

Бұл кездесу БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарының маңызды басымдықтары бойынша Гонконг политехникалық университеті (PolyU) ғалымдары мен Қазақстанның университет және ғылыми қоғамдастығы арасында ауқымды ынтымақтастыққа бастау болады.

Өткізілетін орны: әл-Фараби кітапханасы, 409.

Өткізілетін уақыты: 27.06.2018 сағ. 9.00.